Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында тұр

Өзінің минералды қорларының арқасында Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында тұр, деп санайды Қазақстан ғалымдары одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сабден.

Ғалым: Қазақстан әлемдегі ең бай елдер арасында 8-9 орында тұр
Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің ішінде 8-9 орында тұр
Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлайды. "Сіздер жақсы білесіздер, Қазақстан – бай мемлекет, бай ел. Байлығы бойынша 8-9 орында тұрмыз. Уран, сирек кедесетін металдар бойынша әлемде 1-2 орында", - деп мәлімдеді Сабден бейсенбіде халықаралық "Интеграциялық үдерістердің даму жағдайындағы АӨК мәселелері" ғылыми-тәжірибелік конференциясында. "Дегенмен пайдалы қазбалар – мұнай, газ жарты ғасырдан кейін, мүмкін одан да көп уақыттан кейін таусылар. Сонда неге үміт арту керек? Әрине, ең алдымен миға және аграрлық ғылымға деп ойлаймын. Себебі ауыл шаруашылығы - бұл ең бастысы", - деді ол.
Источник: КазТАГ