Еліміздегі бір топ сенатор қызметімен қоштасты

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысы жаңа сайланған құрамда алғаш рет өтті. Жаңа құрамның қызметке кірісуіне орай жалпы отырыста бір топ сенатордың депутаттық өкілеттік мерзімдері аяқталды.

Еліміздегі бір топ сенатор қызметімен қоштасты Осыған орай, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімдері аяқталған сенаторларға алғысын жеткізді деп хабарлайды "Қазақпарат".

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 1 қазанындағы сайлауда Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының 16 депутаты сайланып, оларды Орталық сайлау комиссиясы ресми тіркеуден өткізді.

Сайланған 16 депутаттың төртеуі бұрынғы сенаторлар болатын. Атап айтқанда, Михаил Бортник, Сәрсенбай Еңсегенов, Ерболат Мұқаев пен Сергей Плотников өз сайлаушыларының сеніміне екінші мәрте ие болып, жаңа конституциялық мерзімге қайта сайланды.

"Сонымен қатар, бір топ әріптестеріміз өздерінің Сенат депутаттығы ретіндегі өкілеттіктерін абыроймен аяқтап шықты. Өкінішке қарай, аса құрметті әріптесіміз Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Иран Әміровпен мәңгілікке қоштасуымызға тура келді. Өмірінің соңғы сәттіріне дейінгі саналы ғұмырын мемлекетке риясыз қызмет етуге арнаған Иран Әміровтің есімі біздің жадымызда әрдайым сақталады", - деді Қасымжомарт Тоқаев.

Депутаттық өкілеттік мерзімі аяқталғандар: Қайсар Омаров, Жұмабек Төрегелдинов, Светлана Жалмағамбетова, Нұрлан Сүлейменов, Александр Савченко, Юрий Кубайчук, Хусаин Валиев, Қожахмет Баймаханов, Орынбай Рахманбердиев, Ермек Жұмабаев, Анатолий Башмаков.

Источник: NUR.KZ