Елімізде автомобиль резеңкелерін қайта өңдеу зауыты іске қосылады

Жақын арада Павлодарда экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және қалдықсыз жұмыс істейтін ескі автомобиль резеңкелерін қайта өңдеу зауыты іске қосылмақ. Жалпы, көлік дөңгелектерін қолданудың кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.

Елімізде автомобиль резеңкелерін қайта өңдеу зауыты іске қосылады

Қолданылғаннан кейін автожөндеу кәсіпорындарында сақталып, кейін жойылуға жіберіледі деп хабарлайды Baq.kz.

"Kaz отходов" қоғамдық ұйымы қалдықтарды басқару жөніндегі заңды тұлғалар қауымдастығының болжамынша, өңірде қатты қалдықтардың 250 мың тоннасы сақталуда. Бұл көрсеткіш жыл сайын 25-28 мың тоннаға артып отырады.

Қатты қалдықтардың қатарында автокөлік дөңгелектері де баршылық. Жаңадан ашылатын зауыт аталмыш мәселені шешпек. Қазіргі таңда аймақта 203 мың автокөлік тіркелген, сондықтан мамандар аталмыш кәсіпорынның сұранысқа ие екендігін айтады.

Астаналық "Казахстан Rubber Recycling" ЖШС-ның бас инженері Серік Ақпанбетовтың айтуынша, жаңа кәсіпорын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және қалдықсыз жұмыс жасайды.

"Резеңкені ұсақтау барысында сыртқа шығарылатын шаң-тозаң арнайы сүзгілерге жиналады, ауаға түспейді. Өндіріс технологиясы бойынша өнім қаптамаларға салынып, түйіршіктеледі. Сондықтан қоршаған ортаға зиянын келтірмейді", - дейді Серік Ақпанбеков.

Олардың айтуынша жаңа зауытқа әлден отандық және шетелдік тұтынушылар қызығушылық танытып отыр дейді.

Источник: NUR.KZ