АСТАНАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕҢГЕЙІ ӨСІП КЕЛЕДІ

иман Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына елорданың бүгінігі әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, сондай-ақ түрлі салалардағы инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқа­нына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиім­ділігі байқалатынына назар аударды. И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты негізгі салалардың дамуында оң қарқын бар екенін жеткізді. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қала басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.