Динара Сәдуақасова 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты

Дурбан қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы чемпионатында қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова 18 жастағы ересектер категориясында алтын медаль жеңіп алды.

Динара Сәдуақасова 100 мықты шахматшы тізімінде 53-орынға орнықты Бұл туралы  Шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазақпарат хабарлайды. Динараның қарсыластары - мықты деген 65 шахматшы қыз, 42 елдің чемпиондары. Ойын нәтижесінде спортшы 11 ұпайдың 10-ын жинады. Осылайша, Динара  өзімен бірге турнир бойы бәсекелескен германиялық Osmanodja Feliz-дан бір жарым ұпайға алға озды. Үшінші орынды 8 ұпаймен қытайлық Xiao Yiyi алды. Айта кетейік, әлемдік титул - елордалық шахматшы қыздың қоржынындағы үшінші ірі жүлде. Ол 14 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанған болатын. Айту керек, Динара Азия мен әлемнің үш дүркін вице-чемпионы. 2014 жыл - Динара үшін сәтті жыл болды. Халықаралық жарыстардағы, сондай-ақ, Норвегиядағы Олимпиаданың керемет нәтижелері мен Дурбандағы әлем чемпионатының алтын медалі Динараға әлемнің 100 мықты шахматшы қыздарының тізімінде 53-орынға жайғасуға мүмкіндік берді.
Источник: NUR.KZ