Қаруын жоғалтып алған қызметкері үшін ОҚО-да полиция басшылығы қызметінен қуылды

Шымкенттегі полиция қызметкері К.Отыншиевтің табельді қаруын немқұрайлы қарап, жоғалту фактісіне байланысты оңтүстікте бірқатар полиция шенеунігі қызметінен шеттетілді.

Қаруын жоғалтып алған қызметкері үшін ОҚО-да полиция басшылығы қызметінен қуылды

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов ведомство қызметтерінің және аумақтық ішкі істер департаменттерінің басшыларымен өткізген шұғыл селекторлық кеңес барысында мәлімдеді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады. Шұғыл жиын барысында таяуда қаралды. Оның кінәсінен жоғалған Калашников автоматы дер уақытында қабылданған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Отыншиев қамауға алынды. "Елеулі кемшіліктерге жол бергені және полиция жасақтарының қызмет атқару барысын бақылаусыз қалдырғаны үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы М.Алтаев, Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасарлары М.Бұхарбаев пен И.Мамедов, Шымкент қалалық ІІБ Жол-патрулдік полициясы полкінің командирі А.Сейдуалиев және оның орынбасары Е.Сүлейменов өз лауазымдық қызметтерінен босатылды. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, және бірқатар басшылар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар ведомство ақпаратына қарағанда, барлық аумақтық ішкі істер департаменттерінің басшыларына полиция жасақтарының қызмет атқару барысын бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілген.
Источник: ИА "Казинформ"