Медбикенің адамның көк бауырын ұстап түскен суреті ғаламторды шулатты

Медбибі адамның көкбауырын ұстап суретке түсіп, оны ғаламторға жариялаған. Қазан қаласындағы ауруханалардың бірінде болған жәйт жұрттың жағасын ұстатты.

Медбикенің адамның көк бауырын ұстап түскен суреті ғаламторды шулатты Бұл туралы lite.bnews.kz сайты хабарлайды. Осыған қатысты әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында үлкен пікірталас туындады. Медбибі әлеуметтік желідегі жеке парақшасына екі сурет жариялаған. Оның бірінде – адамның жаңа кесіп алынған мүшесі – көкбауыр, ал екіншісінде әйел адамның жарақаттанған қолы. Суреттерді көрген жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бірі "өзінің жұмыс барысын суретке түсіруге кез-келген адамның құқығы бар" десе, енді бірі медбибінің бұл әрекетіне наразылығын білдіріп жатыр. Қоғам арасында үлкен дау туғызған суретті медбибі біраз уақыттан кейін алып тастады. Белгілі болғандай, "фотосессия" жасаған медбибі Қазан медициналық колледжінің студенті болып шықты.
Источник: NUR.KZ