Елбасы Маңғыстауға келді

IMG_0201 «Қазанның 1-і күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен келді», - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Президент жұмыс барысында  битум өңдеуші  «Caspi bitum» зауытын, «Ақтау халықаралық теңіз сауда портын», «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ын және былтыр пайдалануға берілген  Ақтау қаласының 15-ші шағынаудандағы теңіз жағалауын аралады. Іссапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Боржақты-Ерсай» теміржол желісін іске қосты. «Боржақты-Ерсай» теміржол желісі Құрық портының паромдық кешені құрылыс жобасы мен жағалау аймағындағы бірнеше индустриалдық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық негіз болады. Барлық жоба іске асырылған жағдайда 4000 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, соңғы 5 жыл ішінде Маңғыстаудағы  темір жол мен порттық инфрақұрылымының дамуына шамамен 200 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. IMG_0261 IMG_0238 IMG_0207