Ақтауда оқушыны саусақ таңбасы арқылы танымақ

Ақтау қалалық білім бөлімі қаладағы бес орта мектепте «Мектеп терезесі» атты қауіпсіздік жүйесі орнатылып пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Жаңа жобаның мақсаты мектеп оқушысын саусақ таңбасы арқылы танитын болады. Жүйені орнату үшін №10,11,12,17 және 21 мектеп таңдалған.
  • Бұл биометриялық жүйе мектептің кез келген жүйелерімен кіріктірілген. Ол электронды журналдар мен күнделіктерді жүргізуге мүмкіндік береді. Бала мектепке кірген кезде арнайы рұқсатнамасы болады. Сонымен бірге баланың саусақ іздері арқылы да жүйеден өтуге болады. Турникеттен өткен кезде ата-аналарының ұялы телефондарына баланың оқу ғимаратына қай уақытта келгені және одан қай уақытта шыққаны жайлы СМС-хабарлама келеді. Бұл жүйе мектепке бөгде адамдардың басып кіруінен қорғап, ата-аналарды мектеп кестесі мен оқушының үлгерімі жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Ол тек ата-аналар үшін ғана емес, мектеп әкімшілігі үшін де қолайлы,- дейді қалалық білім бөлімінің бастығы Светлана Төлебаева.
Мұндай жоба қазіргі таңда Астананың  тек 5 мектебінде ғана орналасқан. Жүйені орнатып, қосу үшін қалалық бюджеттен 27 миллионнан астам теңге бөлініпті. Мердігері «Электроспецмонтаж» ЖШС. Жүйе қазан айның соңында іске қосылады деп жоспарланып отыр.