Ақтауда 6 жастағы бала жоғалып-табылды

1412067434_unnamed Оқиға бүгін күндіз орын алды. 7 шағын аудандағы 22 –ші үйінде орналасқан балабақша-гимназиясының алдында болған. Жоғалған баланың тәтесінің айтуы бойынша 6 жасар Иван Бурматовты күндегідей таңертең мектепке апарып тастаған. Ал біраз уақыт өткеннен кейін мұғалімдер баланың жоқ екендігін байқаған. Ұстаздардың айтуынша бала сыртқа шығып кеткеннен кейіноны ешкім көрмепті. Ғимаратта орналасқан бейнекамерада баланың күзетшінің жанынан өткендігі байқалғанымен, қай бағытта кеткендігі көру мүмкін емес. Баланың үстінде қара күртеше мен джинсы шалбары бар. Басында көк кепкеасы болған. Тумаластарының айтуынша Ваняның тілі әлі толықтай жетілмегендіктен өз бетінше қайда тұратындығы мен аты жөнін айта алмайтын болған. Абырой болғанда бала Ақтаудағы 4 шағын аудандағы теңіз жағалауынан су киіммен табылды. Баланы тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ата-анасына аман-сау күйінде табыстады.