Маңғыстауда заңсыз жүрген 863 шетелдік ұсталды

images «Қыркүйектің 22-26 аралығында Маңғыстау облысында өткен «Заңсыз келуші-2014» жедел профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңінде 863 шет ел азаматтары Қазақстан Республикасында жүру ережелерін бұзғандығы анықталды»,- деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі. Сондай-ақ тексеріс кезінде Қазақстанғашақырылған шетелдіктердің  жүру ережесін бұзған Қазақстан Республикасының 133 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 50 адам жазаланды. Сонымен қоса, іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды, оның 2 –еуі Қазақстан Республикасының  азаматы болса,  біреуі Түркіменстанның азаматы.