Рушылдықты ұлтшылдыққа деген ұлы махаббатқа айналдыруымыз керек.

 "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" деген бар... "Ұлы жүзді таяқ беріп малға қой, Орта жүзді қалам беріп дауға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой" деген де бар. Қалай болғанда да жүзіңді біл, руыңды таны, қаныңды сақта, бірақ бірінші кезекте, ең қасиеттісі қазақ болу емес пе?! Тілі бір, ділі бір, діні бір, тұтас ұлт, тұтас халық - қазақ емеспіз бе! Қайталап айтудан жалықпаймын, біз қазақтар рушылдықты ұлтшылдыққа, руға деген махаббатты ұлтқа деген ұлы махаббатқа айналдыруымыз керек. Өзге диаспораларды өзекке теппей өзімізге сіңіріп, "жұтып" қоюдың қарекетін қылу керек. Өзгелерді "жұтып" қазақ қылу біздің түпкі жадымызда бар. Тарихта қазақ жеріне аяқ басқан моңғол, араб, қалмақ, жоңғар, сарт т.б. тегін ұмытып қазаққа сіңіп кеткен болатын. Біртұтас ұлт болмай біртұтас халық болу жоқ. Халық біртұтас болмай бірлігіміз берік болмайды. Ойланайық! Сыртқы күштердің ықпалына еріп кетпейік, сақ болайық, арандап қалмайық ағайын. Бір топ жас балалардың ақымақ қылықтары үшін өз туғандарымызды тұтастай қараламайық.

Жомарт АЙТҚАЗЫ,

Фейсбуктегі жеке парақшадан алдынды