Қазан айынан бастап нан бағасы қымбаттайды

Елімізде әлеуметтік нанның бағасы қазан айының соңына дейін өзгермеуі тиіс.

Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы қазан айының соңына дейін артпауы тиіс

Мемлекеттік комиссия бірінші сұрыпты ұн мен одан пісірілетін нанның бағасын тұрақтандыру туралы меморандумдардың мерзімін ұзартты делінген "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" таратқан ақпаратта.

Осы мақсатта "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" 518 мың тонна бидайды резервке қойған. Корпорация аймақтарға 100 мың тоннадан астам бидай жөнелтпек.

Естеріңізде болса, бұған дейін Павлодар мен Петропавл қалаларында нан бағасы күрт қымбаттап, тұтынушылардың үрейін ұшырған еді.

Жергілікті әкімдіктер дереу ес жиып, бағаны тұрақтандыра алды. Алайда дүйсенбіде әлеуметтік нан Ақтөбеде қымбаттап шыға келді. Өнімнің наубайханадан тарату бағасы 42 теңгеден 47 теңгеге дейін көтерілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбемен қатар Семейде де нан бағасы қымбаттады. Шенеуніктер бағаның көтерілуіне наразы болған адамдарды сабырға шақырумен шектелді.