Ғаламторда Әбдешевті қолдауға бағытталған ауқымды кампания басталып кетті

Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдешевті қолдайтындар көбейді. Экс-шенеунік осыдан екі айға тергеу абақтысына қамалған болатын.

Ғаламторда Әбдешевті қолдауға бағытталған ауқымды кампания басталып кетті

Белсенді топ тіпті экс-әкімнің суретін өздерінің әлеуметтік желідегі басты суреттерімен алмастырып жатыр деп 31 арна хабарлайды. Интернеттегі қолдау шарасы Қарағанды аймағының экс-әкімі темір тордың ар жағына түскен күннен басталыпты.

Өз ойын алғашқы білдіргендердің бірі қарағандылық Марал Нұртөлеу Бауыржан Әбдішевке деген қолдауын әлеуметтік желідегі басты суретіне Бауыржан Түйтеұлының фотосын салып көрсеткен. Тіпті бір тәулікте оның айыптылығына сенбейтін 20 адам жиналған. Ал қазір қолдаушылардың саны 30-дан асыпты.

"Бауыржан Түйтеұлына шын айтқанда менің жаным ашып, бәрі жақсы аяқталғанына тілектеспін. Өйткені ол кісінің осы Қарағанды өңіріне жасаған біршама жақсы істерін де білеміз, көріп жүрміз", - дейді қала тұрғыны Марал Нұртілеу.

Бауыржан Түйтеұлына шын айтқанда менің жаным ашиды.

Бүгінде фейсбук желісінде Бауыржан Әбдішев туралы оң пікірлерін асыға жазып жатқандар көп. Топ құрып, бұрынғы облыс басшысын қолдайтындарын білдіріп, қылмыстық іске қатысы барына сенбейтіндер ойларын бүгіп қалмапты.

Тіпті, ел арасында Әбдішев Тәуелсіздік күнін қойып, Жаңа жылға дайындықты бастаған ең алғашқы әкім атағына да іліккен.

Ал қала тұрғындары бұрынғы шенеуніктің екі бірдей қылмыстық бап бойынша жауапкершілікке тартылғанына әлі сенбейді.

Қала тұрғыны Қалкен Оспановтың айтуынша, ол кісі әкім ретінде халықпен жақсы араласқан. Елге жақын жайлы адам болған. Ал Тағы бір тұрғын Бостандық Шалабаев Әбдішев әкім болғаннан бері облысқа жаман үлес қоспағандығын айтады. Оның ойынша, әкім қаланы көркейтіп, жаңадан көтеріп жатқан кезде енді осындай жағдайға душар болыпты.

Күдіктіден айыпталушыға айналған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі жер телімдерін заңсыз бөліп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

Бұрынғы шенеунікті тергеу жұмыстарына кедергі келтіреді деген сот екі айға абақтыға қамауды шешті.

Источник: NUR.KZ