Құрбан айт мерекесіне орай демалыс берілмейді

Биыл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 4 қазанға тура келіп тұр.

Бұл туралы Baq.kz жазады.

Мейрам аптаның сенбісіне түскендіктен, арнайы демалыс берілмейді. Яғни, мерекелік демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылмайды. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні діни мереке ретінде демалыс болып бекітілген. Алайда, ол онсыз да апта соңына сәйкес келгендіктен, демалыс келесі аптаның дүйсенбісіне жылжытылмайды. Өйткені, Құрбан айт - мемлекеттік немесе ұлттық мереке емес.
Источник: NUR.KZ