Зарина Диас WTA рейтингісінде 39-орынға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас WTA (Халықаралық әйелдер теннисінің қауымдастығы) рейтингінде 40-орыннан 39-орынға көтерілді. Зарина Диас WTA рейтингісінде 39-орынға шықты

Бұл туралы Азаттық жазады.

Ол өткен аптада Қытайдың Ухань қаласындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына өтіп, соның арқасында рейтингтік ұпай алған.

39-орын - Зарина Диастың ең үздік нәтижесі. Бұған дейін ол жарыстардың біріндегі баспасөз мәслихатында биылғы жылдың соңына дейін үздік отыздыққа ену жоспары барын айтқан еді.

Қазір ол теннистен Қытай ашық чемпионатына қатысып жатыр. Зарина Диас биылғы жылдың басында әлемдік рейтингте 112-орында тұрған.

Источник: NUR.KZ