Футбол жанкүйерлерінің төбелесіне араңдатушылық сарындағы плакат себеп болды

Қазақстан премьер-лигасының кезекті туры аясында өткен "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы кездесуге батыстық команда жанкүйерлері "Кіші жүз" деп жазылған плакат алып келген.

Футбол жанкүйерлерінің төбелесіне араңдатушылық сарындағы плакат себеп болды Бұл туралы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жексенбі күнгі матчтан соң "Ақтөбе" фанаттары Алматының орталық көшесінде "Кіші жүз" деген жазуы бар плакат көтеріп жүрді. Бұл плакат "Қайрат" жанкүйерлерінің ызасын келтірген.

Бұл ақтөбеліктердің "Кіші жүз" деп бірінші рет жазуы емес. Команданың өз алаңында өткен ойында мұндай плакаттарды жиі байқауға болады.

Ал "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы матчта алматылық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтан соң жаппай төбелес орын алып, төбелеске қатысқан барлық жанкүйер Алмалы ауданының ішкі істер басқармасына әкелінді.

Олардың ішіндегі ең белсенділері әкімшілік жауапқа тартылуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда футбол матчы жанкүйерлердің жаппай төбелесіне ұласты.

Әуезов атындағы театрдың жанына 40-қа жуық адам жиналған, жағдайды одан әрі анықтау үшін олардың бәрі аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Источник: NUR.KZ