Ақтауда тұрғын үйдің 9-ы қабатынан еден тақтайларын лақтырған

Ақтауда көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатынан қоқыс лақтыру тыйылмай тұр.

Құрылыс жасап жүргендер жоғарғы қабаттан еден ағашын біртіндеп балконнан лақтыруда.
Жоғарыдан лақтырылған ағаштың бірі төмендегі жаяу жүргіншіге  тиіп кете жаздады. Абырой болғанда, ер адам жүгіріп өтіп үлгерді. Жақында Ақтаудағы көп қабатты үйдің 8-і қабатынан лақытырылған теледидар 4 жастағы баланың үстіне құлап, бүлдіршін жансақтау бөліміне түскені туралы хабарлаған едік. Ақтау тұрғындарына төбесіне теледидар құлаған соң, жанарынан айырылған  сәбидің тағдыры сабақ болмай тұр.
Источник: NUR.KZ