ИНЧХОН-2014: Батысқазақстандық ескекшілер Азия ойындарының чемпионы атанды

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы сапында батысқазақстандық ескекшілер Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. 20140929110811Алдымен оралдық Алексей Дергунов екі кісілік байдаркада Евгений Алексеевпен бірге 1 мың метр қашықтықта үздік шықты. А.Дергунов - Лондон Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі спортшы. Сондай-ақ тағы бір батысқазақстандық Андрей Ергучев төрт кісілік байдаркада Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Александр Емельяновпен бірге 1 мың метр қашықтықта Қазақстанға он екінші алтын медальді әкелді. Бұдан бұрын А.Дергунов пен А.Ергучев Азия чемпионы атанған болатын. Енді, міне, тағы бір жеңіске қол жеткізіп отыр. Аталмыш Азия ойындарында осыған дейін батысқазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов қола жүлдегер атанған еді. inform.kz