Инчхон-2014: Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 40-қа жетті

Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстанның медаль саны қырыққа жетті, деп хабарлады 24.kz. 20140923202240Біздің ел жалпы есепте төртінші орында тұр. Кеше қоржынымызға бір қола мен бір күмісті күрестен Мамед Ибрагимов пен Гюзель Манюрова салды. Сонымен қатар, жеңіл атлетикада 100 метрге жүгіруден де Ольга Сафронова қола жүлдегер атанды. Ол Қытай және Жапония спортшыларына есе жіберді. Төртінші орынды тағы бір қазақстандық Виктория Зябкина еншіледі.

ҚазАқпарат