Шенділер тұрғындармен төбелесті...

Үлкен жол бойындағы кіші кедергі. Қызылорда облысының бір топ атқамінерлері Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолыныңбойында қалған жалғыз үй қожайындарымен жұдырықтасуға дейін барды.Қызылорда облысында шенділер тұрғындармен төбелесті

Үй иелеріне сот шешімі ұнамаса, заң өкілдері оны сүріп тастаудың әрекетін жасамақ болған деп хабарлайды КТК арнасы. Салынып жатқан тас жол бойындағы үй иелері түгел кетіп осы отбасы ғана қалып отыр. Өйткені Алмағанбетовтер тәуелсіз сараптамаға жүгініп құжат бойынша өз баспанасын 10 млн теңгеге бағалаған. Алғашқыда сот олардың өтінішін қанағаттандырса, кейін орнына жер телімін беруді жөн көріпті.

Бірақ жергілікті атқамінерлер осы уақыт аралығында өз ұсыныстарын жасамаған көрінеді. Сот орындаушыларының үйді сүріп тастауына ерлі-зайыптылар жол бермеді. Тіпті ауыр техниканың астына қарай жүгіріп, баспанасын сақтап қалды.

Бірақ сот орындаушылары қайткенде де үйдің сүрілетінін айтуда. Себебі жол құрылысы осы нысанның кесірінен тоқтап қалған. "Мәжбүрлеп бұзамыз. Ол үйдің ішінде адамдар бар кезде бұзбаймыз, әрине. Бірақ үйден балаларды шығарып,  орындаймыз. Ол үйдегі адамдар егер кедергісін тигізіп жатса, әкімшілік құқық бұзушылық кодекс бойынша жауапқа тартылатыны ескертіледі", - деді Қызылорда облыстық сот актілерін орындау департаменті басшысының міндетін атқарушы Шәкизат Ақәділов.

Источник: КТК арнасы