Бүгін қазақтың ұлы жазушыларының туған күні

Бүгін қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов пен жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің және танымал жазушы қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күні, деп хабарлайды inform.kz. загруженное (1) Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды. загруженное (2) Жазушы, драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкей Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында 1943 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Ол 17 мамыр 1993 жылы Үндістан, Дели қаласында қайтыс болды. Алматыда жерленген.   images (6) Сонымен қатар осы күні қазіргі қазақ әдебиетінің көректі өкілі, қазақтың халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртаза Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген.     Источник: inform.kz