ИНЧХОН-2014: Қазақстандық балуандар «күміс» пен «қоланы» еншіледі

Бүгін Инчхонда еркін күрес шеберлері наградалар кешенін бөліске салды, деп хабарлайды sports.kz. 20140927185820 Еліміздің намысын ақтық сында 57 келі салмақ дәрежесіндегі  қазақстандық Расул Қалиев ақтады. Ол солтүстіккореялық Хак Джинмен бел теңестірді.   Өкінішке орай КХДР спортшысы 3:1 есебімен басым түсті, Қалиевте - «күміс». Әйелдер құрамасы бойыншы «қола» үшін болған бәсекеде  48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Татьяна Аманжолдың жолы болды. Ол тай спортшысы Маливан Муангпорды  4:0  есебімен сүріндіріп, Азиададағы біздің құрама қоржынына салынған 37-ші медальдің иесі болды. Источник: inform.kz