Қостанай облысының тұрғыны тәртіп сақшыларын кіналап, 100 миллион теңге талап етуде

Қостанайда облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері сотқа берілді, деп хабарлайды nur.kz.

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Рәсім Байрамов тәртіп сақшыларын "жасамаған қылмысты мойныма ілді" деп кінәлауда. Полицейлер оны ұрып-соғып мойындатқан екен. imgpreview (1) Зардап шеккен Байрамов моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге талап етуде. Тәртіп сақшыларының заңды белден басуының нәтижесінде 4 жыл абақтыда жазасын өтеген Рәсім ішкі істер департаментін осылайша бір сілкіп алғысы келеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері еркінен тыс қинап, жасамаған ұрлық үшін қылмысты мойнына алғызған. Бұл дерек  тіптен дәлелденіп, қылмыстық іс қозғалған. Айта кетсек, Рудный қаласының полицейлері Рәсімге елді дүрліктірген 7 жасар Виктория Ганидың өлімін де мойындатпақ болған екен. Абырой болғанда мектеп жасындағы қызды өлтірген адам дер кезінде табылып Рәсім ол істен құтылған.
Источник: NUR.KZ