Павлодарда көлікті мас күйінде жүргізіп, 3 адамды өлтірген күдікті құрықталды

Павлодар қаласында үш адамды мас күйінде қағып өлтірген жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды nur.kz.

Күдікті сәрсенбі күні түнінде Ланд-Крузер көлігімен жаяу жүргіншілерді таптап өтіп, қылмыс орнынан іздерін суытқан. imgpreview Оқиға салдарынан, 47 жастағы  ерлі-зайыптылар Қайыржан Бөлешов пен Ғалия Сүйінбаева және олардың 43 жастағы танысы ауруханада көз жұмды деп жазады "Қазақстан жаңалықтары". Жаяу жүргіншілер бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтпек болған. Оқиға көлігіне мінген 25 жастағы жергілікті тұрғынды полицейлер таң ата құрықтады. Жанындағы астаналық азаматтың көлігіне Жамбыл Мұқантаев мас күйінде отырған. Қасындағы джиптің иесі жолдастарымен сол күні тойдан ішіп шыққан екен.  Жол апатына қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Басты күдікті Жамбыл Мұқантаев кінәсін мойындап, екі айға қамауға алынды. Атап өтетін бір жайт, көлікті мас күйінде айдап, үш адамның өмірін қиған ол Павлодардағы белгілі кәсіпкердің баласы екені анықталды. Источник: NUR.KZ