Павлодарда рекордтық көлемдегі картоп экспортқа шығарылғаны туралы мәлімет жалған

Павлодар облысынан рекордтық көлемдегі картоп экспортқа шығарылғаны жайындағы ақпарат жалған, деп хабарлайды Қазақпарат. 31696793ac8cdd370ec5eefd73e16493 Бұл жайында өңір басшысы бүгін Астанада өтіп жатқан Павлодар мен Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде айтты. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Иә, шын мәнінде ағымдағы жыл облыс картоп, сәбіз және қырыққабаттан жақсы өнім алды. Біздің стратегиямыз барынша қарапайым, Яғни, біз ең бірінші кезекте сақтауға болатын азық-түлікті барынша мол жинауға тырысамыз. Бүгінде біз оларды азық-түлік қоймаларына жинап жатырмыз. Ал сақтаудан артылатын өнімді біздің шаруалар осындай жәрмеңкелер арқылы саудалайды», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Қ.Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, өңірде өндірілетін өнімнің басым бөлігі елдің ішкі нарығына әзірленеді. Дегенмен, ішкі нарықтан артылған өнімнің бір бөлігі экспортқа да шығарылады. «Өйткені, Павлодар облысы Ресей Федерацияның миллионнан астам тұрғыны бар Омбы, Барнауыл, Новосібір қалаларына тақау орналасқан. Тек Новосібірдің бір өзінде 3 миллион халық тұрады. Сондықтан да біз суармалы егістік алқаптарының көлемін арттыру бағытында жұмыстар жүргізудеміз. Біз келер жылы өнім көлемін мол болуы үшін және ішкі нарықты, сонымен қатар өзіміздің экпорттық әлеуетімізді арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласына 1 миллиард теңге қаржы саламыз», - деді Қ.Бозымбаев.