Астанада құрбан шалатын орындар белгілі болды

Астанада алдағы  Құрбан айт мерекесіне орай құрбан шалатын орындар белгіленді, деп хабарлады http://astana.gov.kz. images6Барша мұсылман қауым үшін Құрбан айт ұлық мереке. Биыл ол 4-қазанға келіп тұр.  Айт намазы Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8.00-де басталады. Құрбандық шалу намаз оқылғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс. Себебі оған дейін сойылған мал өз қажеттілігімізді өтегенмен бірдей. Ал, қасапшылар алдымен тіркеуге тұрулары қажет. Қасапшылар биыл өзі медициналық анықтамасымен мешітке келіп тіркеледі. Оларға мешітте арнайы семинарлар өткізілеін болады. Шариғат бойынша қалай құрбандық шалу керек екенін үйретеміз". - дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы. Құрбандық шалу орындары бүгінде бекітілген. Қала базарлары мен шаруа қожалықтарында арнайы орындар дайындалып жатыр. Олар: Астанадағы «Кек» базар, «Пищекомбинат Астаналық» ЖШС, «Шаушен», «Темеш» шаруа қожалықтары мен «Алтын таға» мал базары. Осы жылғы бір ерекшелік, «Раббың үшін құрбандық шал» қайырымдылық акциясына қатысып, бірнеше кісімен бірігіп құрбан шалуға болады.  «Раббың үшін құрбандық шал» акциясын өткізіп жатыр. Бір қара малды бірігіп жеті адам құрбандыққа шала алады немесе жеке адам қой, немесе ешкіні құрбандыққа шала алады. Акцияның мақсаты жетім-жесірлерге, жағдайы нашар адамдарға ет үлестіру», - дейді  «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы. Астанадағы 8 мешіт мереке күндері жамағатты қабылдап, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға таратуға әзір. Былтырғы мәліметтерге сүйенсек, 9 тонна ет таратылыпты. Құрбан шалуға шамасы келмеген адамдар 8 мешіттің ыңғайлысына барып, Айт намазына қатыса алады. Жамағатпен бірге тілеген тілек әрқашан қабыл болады. Ескеретін жайт, құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе жарамды. Құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері кем болмауы тиіс. Құрбан шалған адамдар етті толығымен садақаға беруі шарт емес. Оның бір бөлігін отбасымен жеуіне, не болмаса, өздері етке мұқтаж болса, түгелдей алып қалуына болады.