Қазақстандық жұлдыздар ресейлік фильмге түседі

«Обочина» драмасының картинасы балалар үйіндегі жас өспірім туралы. Қазақстандық актер Саят Исембаев, Ақан Сатаевтің «Рэкетир» фильмімен танымал болды. Ресейлік режиссер Юрий Спиридоновтың «Обочина 2: Кадет» картинасында ол ролдердің бірін сомдайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. images Сайттардың бірінің дереккөздерін қарау барысында Саят Исембаевқа назарымыз ілікті. Ол біздің қызығушылығымызды тудырды. Бізге Саятты және оның агенттерін табуға көмектесті. Екі күндік пікірлесуден кейін, Саят ролге бекітілді» - деді режиссер. images 0 "Обочина» драмасының картинасы балалар үйіндегі жас өспірімнің тағдыры туралы. «Обочина 2: Кадет» фильмі Ресейде, Қазақстанда, Тәжікстанда, Израильде және Палестинада түсіріледі. «Фильм ерлердің достығы туралы және кеңес әскерінде бірге қызмет еткен және Ауғанстанда соғысқан достар туралы. Араға 25 жыл салып олар өздерінің командиріне көмектесуге және бір адамның өмірін құтқару үшін бірігеді», - дейді Спиридонов. 4xMwYQ_bRXc "Обочина 2: Кадет» фильмінде басты ролдердің бірін қазақстандық актер және продюсер Дамир Туребеков сомдайды. Киноның қосымша ролдеріне кастинг жалғасады. Режиссердің айтуы бойынша әр бір қазақстандық азамат өзін кино саласында байқап көре алады. Фильмнің түсірілімі 2014 жылдың мамыр айының соңында және маусым айында жүріледі. Ал лентаның өзі 2016 жылы көрсетіледі деп жоспарланған.

Аударған: Н.Жартын