Астанада  Қазақстан халқының тілдер фестивалі аяқталды

22.09.2014, 10:20 Жаңалықтар

Бүгін сағат 17.00 «Жастар» сарайында XVI қалалық тілдер фестивалінің жабылу салтанаты өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы хабарлады.

Фестиваль аясында жыл сайын мемлекеттік тілдің мәртебесін және оның қоғамдағы рөлін арттыруға, Қазақстан халқының тілідерін насихаттауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл шара бағдарламасы аясында «Үздік жарнама» байқауы, жас ақындар мүшәйрасы, «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» (мемлекеттік қызметшілер арасында), «Тіл - халық жанын танудың кілті» (оқушылар арасында) байқаулары өткізілді. Бұдан басқа, композитор, әнші Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш пен «Кемел тілдің келешегі» жастар акциясы ұйымдастырылды. http://astana.gov.kz