Биылғы "Miss Kazakhstan" 1 000 000 теңге алады

[caption id="attachment_29008" align="aligncenter" width="650"]Miss Kazakhstan Miss Kazakhstan 2013[/caption] “Мисс Қазақстан” ұлттық байқауының дирекциясы ресми сайтын іске қосқаннан кейін өтінімнің бұрын-соңды болмаған рекордтық санын алды. Республикамыздың 300-ден аса аруы бақтарын сынап көруді ұйғарып, сайтқа тіркеліпті. Қазірше көшті Қарағандының арулары бастап келеді. Екінші орын Оңтүстік астанамыз – Алматы аруларының еншісінде, тіркелген бойжеткендердің саны жағынан үшінші орынды Семей мен Астана бөлісіп отыр. Ұйымдастырушылар бұл тізімнің осымен аяқталмайтындығына кәміл сенеді. Өйткені, тіркеу 2014 жылғы 30-қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау тарихында “Мисс Қазақстан”-ды өткізу ережелеріне алғаш рет өзгерістер енгізілгендігін естеріңізге сала кетейік. Бұдан былай кез келген өңірдің әр бір аруы "Мисс Қазақстан" байқауының ресми сайтына (http://misskazakhstan.kz/) өтінім бере алады. Тіркелгеннен кейін бірнеше күннің ішінде көрсеткен электрондық поштаңызға кастинге шақырукеледі. 1-30 қазан аралығында бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік кастингтер өткізіледі. Әр қалада іріктеуді өткізу күндері мен мезгілі туралы барлық ақпарат ресми сайтта жарияланады. 5-14 қараша аралығында онлайн дауыс беру болады, оның нәтижесі бойынша бес ару “Мисс Қазақстан”-ның финалына өтеді. Ең басты жаңалықтардың бірі - еліміздің бірінші аруын таңдау болмақ. Он жеті жыл бойы еліміздің лайықты бойжеткенін таңдау тек қазыларға байланысты болып келді. Енді ұйымдастырушылар “Мисс Қазақстан”-ды таңдау құзіретін халқымызға тапсыруды ұйғарыпты. Финал барысында шоу-бизнестің жас әртістері Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова және олимпиада жеңімпазы Илья Ильиннен тұратын байқаудың қазылары қатысушылардың үздік үштігін таңдайды. Әрі қарай тікелей эфирден ХАЛЫҚТЫҢ онлайн және sms-дауыс беруі басталады. Шешуші сөз халықтың еншісінде. “Мисс Қазақстан”-ды таңдаудың ашықтығы үшін қазылардың дауыс беру хаттамасы, онлайн және sms-дауыс беру хаттамалары 29-қарашада байқаудың ашық сайтында жарияланады. Бұл үлгі жыл сайын қайталанатын болады, көрем деушілер дауыс берудің барлық кезеңдерін тамашалайалады. Сондай-ақ жеңімпазға тәж, іс-шараға демеуші болғандардың атынан ұсынылатын жүлде және орасан зор «МИСС ӘЛЕМ» сұлулық байқауына берілетін жолдамадан басқа,  "Мисс Қазақстан" байқауының тарихында алғаш рет 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде белгіленді.