Маңғыстаудан биыл  қажылыққа 113 адам барады

[caption id="attachment_29005" align="alignleft" width="300"]Маңғыстаудан қажылыққа 113 адам барады Фото: azattyq.org[/caption] Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде 2014 жылы Меккеге қажыға бару үшін 113 маңғыстаулық тіркелген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің жетекшісі Марал Қадыр мәлімдеді. Қажылыққа баруға тіркелгендердің жартысы медициналық тексерістен өтіп үлгерген. Олар Ақтау қалалық №17 емханасынан маусымдық тұмау мен менингок ауруына қарсы екпе алған. Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, екпе жеткілікті түрде алынды. Сондай-ақ, департмент қызметкерлері қажылыққа  барушыларға  профилактикалық мақсатта тренингтер өткізіп жатыр. Бұл адам көп жердегі инфекция жұқтырмау үшін аса қажет, дейді олар.