«Сәулетім Ақтауым» суретшілер көрмесі өтті

  Сәулетім - Ақтауым көрмесі Қыркүйектің 18-і күні Ақтау қаласының 51- жылдығына орай Маңғыстау облысының суретшілері «Сәулетім - Ақтауым» сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин қатысып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қала сәулетін  қылқалам бояулары арқылы көрсетуге «Өнер» арт-галереясының қызметкерлері мен жас суретшілерінің шығармалары қойылды. «Өнер» галереясының суретшісі Тынышбек Балтабаевтың айтуынша, көрмеге 60-70 шақты сурет қойылған. "Көрме аясында Батыс Қазақстандық суретшілерді ынталандыруға арналған «Алтын қайық» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Маңғыстаудың атынан 2 суретші баратын болды. Көрмеге қойылған суреттердің дені жас суретшілердің қылқаламынан туған. Біз Ақтауды барынша қызықты етіп көрсеткіміз келді", -дейді ол. Сондай ақ көрме аясында суретшілер табиғатқа шығып сурет салды.