Тәуелсіз сарапшылар дәрігерлер қателескенін айтады

[caption id="attachment_28993" align="alignleft" width="448"]Дәрігерлердің қатесі Фото интернеттен алынды.[/caption] «Ақтау қалалық перианаталды орталығына босанамын деп келіп, қайтыс болған 38 жастағы Қалима Бисенованы аман алып қалуға болатын еді дейді тәуелсіз сарапшылар», - деп жазады жергілікті «Лада» газеті. Басылым  тәуелсіз сарапшылар перзентхана мамандары көрсеткен «екіқабат кезеңіндегі анафилактоид синдромын» растамаған деп жазады. Сондай-ақ, марқұм Қалима Бисенованы емдеу барысында ұйымдастырушы-тактикалық, диагностикалық ем шаралары дұрыс көрсетілмегендігін айтады. Қалиманың сіңілісі Айнұр Ахметдинованың айтуынша, сарапшылар марқұмның жағдайын қиындатқан бірнеше олқылықтарды анықтаған. "Нәресте маңы суындағы эмболия" деп қойылған диагнозды тексеру мақсатында жүргізілген  патологоанатомиялық зерттеу кезінде қажетті тексерудің болмағандығын, архив материалдарының сақталмағандығын айтады. "Қалима Бисенованың денесін зерттеу Маңғыстау облыстық ауруханасының патологоанатомиялық бөлімінде жүргізілген. Бірақ, патологанатомиялық диагноз бен клиника-паталогоанатомиялық электриз рәсімделмеген. Паталоганатомның жағдайға байланысты нақты пікірі көрсетілмеген",- делінген сараптама қорытындысында. Қазіргі таңда сараптама қорытындысы прокуратура өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырылды. Марқұмның сіңлісі Айнұр Ахметдинова істі соңына дейін жеткізетіндігін мәлімдеді.