Маңғыстау облыстық туризм басқармасының ресми  сайты ашылды

Ақтау қаласында өтіп жатқан І-ші  «Каспий аймағындағы туризмді дамыту» халықаралаық форумының аясында Маңғыстау облыстық туризм басқармасының  сайты таныстырылды. Туристерге аймақ туралы толық ақпарат беруге арналған  mangystau.info сайтын  жасақтаушы «Aktau LED systems» ЖШС директоры Влад Ротмистров таныстырды. Сайт  Маңғыстау облысы туралы ақпараттардан, фотогалереядан және осы күнге дейін Маңғыстау облысы туралы түсірілген видеолардан тұрады. Сондай-ақ сайт арқылы Маңғыстау облысына виртуалды саяхат жасауға болады. Сондай- ақ сайтта блог жүргізем деушілерге арналып блог бөлігі, бизнес саласының өкілдеріне бизнес бөлігі жасалған. Сайтты жасаушының сөзіне сүйенсек, порталға аймақ туралы ақпарат тұрақты салынып тұрады. Сайттың ерекшелігі ретінде Пано 360 бөлігін атауға боалды. Бұл бөлімде кәсіпорын өкілдері, жеке кәсіпкерлер  өз өнгдірісінің визитті картасын тастай алады. Ақпараттық  портал аймақ туралы ақпарат іздеушілерге, инвесторларға ыңғайлы болу үшін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс істейді.