Ақтауда қоғам қайраткерлеріне құрметті азамат атағы беріледі

Ақтаудағы қоғам қайраткерлері Қыркүйектің 11-күнгі Ақтау қалалық мәслихатының шешіміне байланысты Бокстан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы және ҚР құрметті спорт қайраткері Марат Джакиев, ҚР құрметті құрылысшысы, Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Орақ  Аяпов және ҚР Білім беру ісінің үздігі Людмила  Рябова «Ақтау қаласының құрметті азаматы» атағымен марапатталатын болды, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі. Аталған азаматтар Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлестері үшін марапатқа лайық деп танылды. Естеріңзге салсақ, қазіргі таңда  Марат Жакиев маңғыстаулық боксшы Ердос Жаңабергенов пен Әділбек Ниязымбетовтың жеке бапкері. Орақ  Аяпов 2013 жылдың шілде айынан бастап Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметі мен Маңғыстау облыстық қазақша күрес федерациясының Президенті қызметтерін атқарып келеді. Людмила  Рябова 1987-2012 жылдар аралығында Ақтау қалалық №15 о/м директорының орынбасары қызметін атқарумен қатар,  география және биология пәнінің мұғалімі, экономикалық лицей директорының орынбасары, лицей директоры болып еңбек етіп келеді.