Ақтау күні 18 қыркүйектен  бастап  тойланады

Ақтау қаласының күні Ақтау күнін биыл қала тұрғындары 18-20 қыркүйек аралығында атап өтетін болады. Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Бисенғали Кенжалиевтің мәлімдеуінше, бұл күндері Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік және спорттық шаралар ұйымдастырылады. Мерекелік шаралардың бағдарламасы әлі де нақтылану үстінде. Ақтау биыл 51-ші туған күнін атап өтпек. Естеріңізге салар болсақ, былтыр қала күніне орай «Жұлдызды күндер» шарасы ұйымдастырылған болатын.