Ақтаудан Бейнеуге  пойыз күнде қатынайтын болады

Маңғыстау-Бейнеу жолаушылар пойызы№657/658 Маңғышлақ-Бейнеу бағытында жүретін жолаушылар пойызы 2014 жылдың 11 қыркүйегінен бастап күнде қатынайтын болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. «2014 жылдың 11 қыркүйегінен  бастап №657/658 Маңғышлақ-Бейнеу бағытында жүретін жолаушылар пойызының жүруі артатын болады» делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. Маңғышлақтан Астана уақытымен в 23.10 шықса, Бейнеуге таңғы 8.25-те келетін болады. Ал Бейнеуден Ақтауға қарай астана уақытымен  23.10-да жүріп, 8.40 – та жетеді. Жол жүру уақыты 9 сағат 30 минутты құрайды. Купе билеттері   2569 теңге болса, плац-карт вагондарындағы орын - 1679 теңге, ал жалпы вагонда 970 теңге. Құрам 6 пойыздан тұрады.