Мектеп оқушысы аламан бәйгеде топ жарып, 10 млн теңге жеңіп алды

Қарағанды облысынан келген мектеп оқушысы аламан бәйгеде топ жарып, 10 миллион теңге жеңіп алды деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының баспасөз қызметі.

Ақмола облысында "Нұр Отан" партиясының қолдауымен аламан бәйгеден "Алтын тұлпар" республикалық турнирі өтті."Аламан бәйгеде Бақторы деген сәйгүлігімен қарағандылық Думан Амангелді жеңімпаз атанып, бас жүлде – 10 млн теңгені қанжығасына байлады. Екінші орынға табан тіреген оңтүстікқазақстандық шабандоз Жандос Сүлейменқұлов 5 млн теңге олжалады, Үшінші орын мен 2,5 млн теңгені Еркебұлан Ермағамбетов (Қарағанды облысы) иеленді", - делінген хабарламада. Бәйгеде топ жарып, үздік атануға еліміздің 14 облысына, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан шабандоздар қатысты.