Тоғыз қазақстандық университет әлемдегі үздік жоғары оқу орындары қатарына енді

Қазақстанның 9 университеті әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.

Тоғыз қазақстандық университет әлемдегі үздік жоғары оқу орындары қатарына енді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақста Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев хабарлады.

"Бүгінде QS рейтингісі бойынша біздің бір жоғары оқу орнымыз ТОР-300 тізіміне кіреді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал ТОР-400-ге Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енеді", - деді Тахир Балықбаев.

Оның айтуынша, тағы 7 қазақстандық университет ТОР-800-ге тұрақтап отыр.

2010 жылы Болон процесіне қол қойылып, Қазақстанда бірқатар ұстанымдар енгізілген болатын.

"Осындай ұстанымдардың бірі сапамен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі болып табылады. Кейбір университеттердің аккредитациялаудан өтпей қалатыны белгілі тенденция. Біз осындай жүйені енгіземіз. Осы жүйе бойынша Қазақстан бойынша қазір екі аккредитациялау агенттігі қызмет етіп жатыр. Олармен қатар тағы 8 агенттік біздің жоғарғы оқу орындарына аккредитациядан өтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.

Источник: ИА "Казинформ"