Гомосексуалистерді қолдайтын орталықтың не қажеті бар?!.

"Көгілдірлер" өз құқықтары тапталып жатқанын айтып, шыр-пыр болды. Гомосексуалистердің құқын қорғауға бел байлаған белсенді, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Жанар Серкебаева Алматыда арнайы орталық ашып, гомосексуалистерді қолдауды бастамақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда гомосексуалистерді қолдайтын арнайы орталық ашылады

Жанар Серкебаева

"Бұл насихаттау емес, қолдау. Сондықтан адамды алалап қажет емес", - дейді қыз.

Ал қоғам белсендісі Елнұр Бейсенбаев: "Бұлар осы қоғамда семіріп еріккеннен не істерін білмейтін азаматтардың бірі. Мұндай азаматтар біздің қоғамда толып жүр. Сергей Скакунов "Одали" деген ұйым.  Кезінде ер азамат пен ер азамат жататын болса заң болатын қылмыскер ретінде айдауға салатын. Дәл сондай, бізде оларды қылмыскер ретінде танып айдауға салу керек", - дейді.

Гомосексуалистер ел алдында жүрген жандардың да зәресін алған көрінеді. Әнші мен әртіс, ақыны болсын, әйтеуір жармаса кететін жаман әдет тауыпты.

Әнші-композитор Өктем Алтаев көгілдірдің көзі түскен адамға айналғанын жасырмайды.

"Өткенде интернет желісінде отырған кезде маған Астанадан үлкен шенеунік хабарласты суретімен. "Мен сіздің әніңізді жақсы көрем, өнеріңізді құрметтеймін" - деді. Мен әнші композитор ретінде "рахмет рахмет" - деп айтып жатсам, күндердің күнінде ол маған сөз тастады. Жігіт қалай сөз айтады қызға, солай. Ана жерде менің төбе-шашым тік тұрды", - дейді ол

Айта кетсек, Алматыда гейлер мен лесбилерге арналған 14 тұрақты мекеме бар екен.

Осы аптада белсенділер ел Парламентіне гомосексуализмді насихаттауға қарсы заң қабылдау керектігі туралы хат жолдады. "Болашақ" қозғалысының өкілдері гомосексуализмді жарнамалауға басы бүтін тыйым салатын заң шығару керектігін айтады.

Источник: NUR.KZ