Қ.Бозымбаев: "Әр қазақ ана тілін білуі тиіс!"

Павлодарлықтар Омбыдағы қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін меңгеруіне жәрдемдеспек. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев 11 қыркүйектегі Омбы қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті мектептерде қазақ тілін үйретуді ұсынды.

Бозымбаев Омбы мектептерінде қазақ тілін үйретуді ұсынды

Ол қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесіп, өз сөзінде өңір басшысы қазақ диаспорасының ана тілін меңгерулеріне павлодарлықтардың көмек тигізе алатынын тілге тиек етті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

"Бүгінде Омбыда 83 мыңнан астам қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Оның 20 мыңы - балалар. Жастардың туған тілін меңгеруіне, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысуына жәрдемдескіміз келеді. Әр қазақ туған тілін біліп, бабалар тарихынан хабардар болуы тиіс. Бұл бағытта біз оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қолдау көрсете аламыз", - деді Бозымбаев.

Кездесуде әкім аталмыш өңірдің оқушыларына қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартты.

Сондай-ақ павлодарлықтар Омбы облысындағы мешіттердің имамдарының оқуына септеспек. Мұндай өтінішті Киров мешітінің имамы Кипиден Шамшуалиев білдірген.

"Бұған еш кедергі жоқ, тек уақыт керек. - Экономика дамып жатыр және екі өңір арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстар нығаюда. Бұл мәселені губернатормен талқылаймыз. Имамдарды Павлодар медресесінде дайындауға болады", - деп атап өтті әкім. Источник: ИА "Казинформ"