Жалмағамбетова сенаторлардың жалақыcын дереу көтеруді талап етті

Сенаторлар жалақыларының өспегеніне өкпелі. Бүгін Жоғарғы палата депутаты Светлана Жалмағамбетова биліктің үш тармағындағы айлық тең емес деп ренішін білдірді.

Жалмағамбетова сенаторлардың жалақыcын дереу көтеруді талап етті
Светлана Жалмағамбетова
Сөйтсек, табыстары Үкіметтегілерден әлдеқайда аз екен. Сенатор осы әділетсіздікке күйініп отыр деп хабарлайды КТК арнасы. Себебі, биыл "А" корпусына кіретін министрлердің айлық жалақысы көтерілгенімен депутаттар мен судьялар тасада қалып қойған. Онсыз да айына кемі жарты миллионға жуық жалақы алатын сенаторлар Парламент пен Жоғарғы сот атқарушы биліктің негізгі 2 тармағы дейді. Сондықтан жан дауысы шыққан Жалмағамбетова депутаттар мен судьялардың жалақыларын дереу көтеруді талап етті. "Үкімет мүшелерінің бәрінің жалақысы жыл басында-ақ көбейтілді. Ал Парламент пен Жоғарғы Сотта еш өзгеріс жоқ. Біз биліктің бір тармағымыз. Олай болса, Үкімет болашақта бұлардың жалақысын да, материалдық жағдайын да теңестіруі қажет", - деп ашынды сенатор.
Источник: КТК арнасы