Қазақстандық актер ресейлік режиссерлер арасында үлкен сұранысқа ие

Қазақстандық актер Ерболат Тоғызақов отандық қана емес, ресейлік киноиндустрияда да сұранысқа ие, деп жазады express-k.kz.

Қазақстандық актер ресейлік режиссерлер арасында үлкен сұранысқа ие

Жуырда ол Олег Соколовтың "Қара өзен" телехикаясында бақсының рөлін ойнаған.

"Қара өзен" фильмі Пермь маңындағы Усьва өзенінің маңында және Ярославльде түсірілді. Бастапқыда фильмді Алтай өлкесінде түсіру жоспарланған. Алайда сел салдарынан бұл ойларынан бас тартты. Ерболат айтқандай, бұл рөлі үшін ол сақал да өсіріпті.

"Бұл - менің қатысуыммен түсірілген алғашқы ресейлік фильм, - деді Ерболат. - Тайгада тұру ұнады".

Ресейлік фильмде Ерболат бақсының рөлін ойнаса, голливудтық режиссер Питер Уирдің "Обратный путь" картинасында 2009 жылы ГУЛАГ тұтқындарына көмектескен тибеттік сопының рөлін ойнаған.

Онда 7 тұтқынның Сібірден Үндістанға қарай жаяу қашуы туралы баяндалады. Келер жылы Тоғызақовты бірқатар фильмдерден көре аламыз.

Источник: ИА "Казинформ"