Зарина Дияс ғаламшардың ТОП-40 үздік теннисшілерінің қатарына енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы ((WTA) ғаламшардың үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты, деп хабарлады www.sports.kz. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингісінде бірден 8 позицияға көтеріліп, 40-шы орынға ие болды. Өкінішке орай, Қазақстанның басқа өкілдері өздерінің позицияларын жоғалтты - Ярослава Шведова 63 орынға сырғыды, Галина Воскобоева 148-ші, ал Юлия Путинцева - 130 орыннан көрінді. 8 қыркүйектегі WTA рейтингісі: 1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 9430 ұпай 2 (3). Симона Халеп (Румыния) - 6310 3 (2). Ли На (Қытай) - 6170 4 (4). Петра Квитова (Чехия) - 5956 5 (5). Агнешка Радванска (Польша) - 5590 6 (6). Мария Шарапова (Ресей) - 5335 7 (7). Ангелика Кербер (Германия) - 4550 8 (8). Эжени Бушар (Канада) - 4405 9 (11). Ана Иванович (Сербия) - 4065 10 (9). Елена Янкович (Сербия) - 3695 40 (48). Зарина Дияс (Қазақстан) - 1087 63 (51). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 1017 130 (129). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 438 148 (119). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 483 195 (177). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 325. http://inform.kz/kaz/article/2694594