Бабаларымыз құрған Алтын орданың тарихына моңғолдардың еш қатысы жоқ.

Шыңғысхан
Тарихи деректерге қарасақ, Шыңғыс ханның мұрагеріміз деп жүрген бүгінгі Моңғол мемлекеті мен байырғы моңғолдар арасындағы тарихи сабақтастықтың күмәнді тұстары өте көп. Өйткені, Орта ғасырдағы «моңғолдардың» барлығы кейін ислам дінін қабылдап, мұсылманша ат алды. Мәселен, Үндістанды жаулап алған Бабырдың патшалығын да ағылшындар кейін «Ұлы моғолдар» мемлекеті деп атағаны белгілі. Бірақ сол «Ұлы моғолдар» мемлекетін құрғандардың түгелі Дешті-Қыпшақтың тумалары болатын. Ал қазіргі моңғолмыз деп жүргендер будда дінін ұстанады, есімдері де айтуға ауыр. Тарихшылар кезінде бұлардың тегі Алтайдан ауып келген татандар деген деректі алға тартқан болатын. Олар қазіргі өлкеге көшіп келіп, моңғол деген атты қайта түлеткен. Мәселен, Орталық Азиядан кеткен оғыздар сияқты. Оғыздар Византия империясын басып алып, Түрік деген атты қайта тарих сахнасына шығарды емес пе?! 1960-70 жылдары Әлкей Марғұлан бастаған бір топ қазақ ғалымдары Ұлытаудағы Жошының мазарын ашқанда хан сүйегінің маңайына 26 тайпаның таңбалары қойылғанын көрген. Кейін ғалымдар бұл таңбалар қазақ руларына тиесілі екенін, оның ішінде бүгінгі моңғолға қатысты бірде-бір рудың белгісі жоқ екенін мәлімдеген болатын. Шыңғыс ханның «моңғол» атанған тағы бір себебі: кейінгі кезге дейін еуроцентристер ұлы қағанға қараған найман мен керей тәрізді кей тайпаларды қасақана «моңғолтектестерге» жатқызып келді. Сондықтан, құрылтайда Шыңғысты хан көтеруге қатысқан рулардың барлығы «моңғолдар» деп аталды. Жеме-жемге келсек, құрылтай мен хан деген атаулардың өзі – қазіргі моңғолда жоқ сөздер. Ал, Алтын орда хандарының есімдері, қалалар мен ондағы әскери және әлеуметтік атаулардың барлығы кілең қыпшақ сөздерінен тұрады. Ал, қазіргі моңғолдар орыс шовинистерінің осы қитұрқылығын пайдаланып, Шыңғыс ханды өздеріне меншіктеп алды. Ашығын айтсақ, Алтын орданың тарихына буддаға табынатын олардың еш қатысы жоқ. Болса да, ат төбеліндей моңғолдардың түгелі түркіленіп, кейін қалың қыпшаққа сіңіп кеткен болатын. Бұл да – тарихи деректер растайтын жәйт. Біздің тарихшыларымыздың талай буыны өз еңбектерінде орыс оқымыстыларының тарихты бұрмалаған, осындай, «мәліметіне» сүйенгенін білеміз. Ал, орыс тарихшыларының тек шындықты жазғанына күмән көп. Мәселен, 19-ғасырларда Карамзиннің француз тіліне аударылған «Орыс мемлекетінің тарихы» атты еңбегін жан-жақты зерттеген маркиз Астольф де Кюстин былай деген еді: «Егер, орыстар өздері соншалықты әспеттейтін тарихшының еңбегінде өтіріктің өріп жүргеніне көздері жетсе, оны соншалықты жек көріп, Карамзиннен бастап, барлық тарихшының еңбегін оқуға қатаң тыйым салуды Патшадан жалынып сұрар еді»..
Жолымбет Мәкішев,
Фейсбук парақшасынан