Қытай Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек жіберетін сауда алаңын ашты

Қытай компаниясы Ресейдің Қиыр Шығыс аумағына көкөніс пен жемістерді тікелей жіберіп тұру үшін шекараға жақын маңнан алаң дайындады деп хабарлайды Қазақпаратegemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытай Ресейге көкөніс пен жеміс-жидек жіберетін сауда алаңын ашты

"Дуннин уезінде "Баожун" компаниясының кедендік бақылау аймағында Қытай-Ресей трансшекаралық электронды коммерциясы жобасын ашуға арналған салтанатты шара өтеді. Бұл Қытайдың көкөніс және жеміс өсіретін компанияларының Дунниндегі бақылау-өткізу бекеті арқылы Ресейге өнімдерін енді тікелей жіберіп тұруларына жол ашылғанын білдіреді", - деді Хэйлунцзян провинциясы қолданбалы экономика қауымдастығының төрағасы Чжан Чуньцзяо. Оның айтуынша, "Баожун" аймағы Ресейдің Қиыр Шығысына көкөніс-жеміс өнімдерін экспортқа жіберетін логистикалық орталық - Қытай ішінен өнім жинап, жүктерді бөліске салатын, бағасын қалыптастыратын орын болады. Шын мәнінде бұл жер 30 мың шаршы метрлік қоймасымен, мұздатқыштармен және басқа да кешенді құрылыстармен жабдықталған 70 мың шаршы метр алаңы бар көтерме сауда орнына айналады. Дуннин бақылау-өткізу бекетінде кедендік рәсімдеу шаралары барынша қысқа мерзімде атқарылады. Қоймада сақталып қалған заттар шекарадан өткізілерде қайтадан тексерілмейді. Бұл инвестициялық жобаның құны 60 млн юаннан асады. Чжан Чуньцзяоның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың соңында Ресей Федерациясына ауыл шаруашылығы дақылдарын жөнелтетін тағы бір осындай платформа ашылады. Оны басқа компания салады.

Источник: ИА "Казинформ"