Тағы бір ұшақ құлады

Американың Висконсин штатынан әуеге көтерілген ұшақ жексенбіге қараған түні Атлант мұхитына құлады, деп хабарлайды France-Presse . 
Агенттіктің мәліметінше, ұшқыштар диспетчерлердің сұрағына жауап беруін тоқтатқан соң, екі F-16 жойғыш ұшағы көмекке жіберілген. Ұшақ Висконсиннен Вирджиниядағы әуежайға ұшуы тиіс болғаны анықталып отыр. Айта кетейік, бұған дейін сенбі күні таңертең «Украина-Аэроальянс» компаниясының Ан-12 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж мүшелерінің барлығы – 7 адам қаза тапты. www.bnews.kz