Қазақстандық теннисші Зарина Дияс US Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші турнирдің кезекті кездесуінде Кэтрин Беллистен басым түсіп, US Open – теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайдыBNews.kz.

Кездесу есебі – 6:3, 0:6, 6:2. Енді қазақстандық спортшының келесі қарсыласы ресейлік Екатерина Макарова болмақ, ол өз кезегінде словениялық Полон Херцогты 6:1, 6:2 есебімен жеңген еді. www.bnews.kz