Жеті жастағы қызды тірідей жерге көміп тастады...

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының полициясы жеті жастағы Тана есімді қыздың туған-туыстарын іздестіруде.

Үнді отбасы жеті жастағы қызды тірідей жерге көміп тастады
Үнді отбасы жеті жастағы қызды тірідей жерге көміп тастады
Ағасы мен апайы жерге көміп тастаған қызды ауыл тұрғыны байқап қалып, құтқарған екен, деп хабарлайды BNews.kz Би-би-си- ге сілтеме жасап. Ситапур округі префектурасының мәліметі бойынша, жұмысшы қамыс өсірілетін жерден баланың айғайлап көмек сұрағанын естіп, жердің қозғалғанын байқап, баланы жер астынан алып шыққан. Жергілікті полиция ақпаратына сәйкес, қызды ағасы мен апайы ауыл жәрмеңкесіне апара жатып, оны белгісіз себептермен далада қылқындырып, жерге көміп тастаған.