Қазақстан бала туудың өткен ғасырдағы тарихи жоғары көрсеткішіне жетуі мүмкін

Қазақстан бала туудың өткен ғасырдағы тарихи жоғары көрсеткішіне жетеді. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.

Қазақстан бала туудың өткен ғасырдағы тарихи жоғары көрсеткішіне жетуі мүмкін

"Жақында сарапшылар бізге жақсы статистиканы көрсетті. Биылғы бірінші жартыжылдықта 198 мың бала туған. Егер де осы қарқын сақталатын болса, онда жыл қорытындысы бойынша бала туу көрсеткіші 400 мыңға жетеді. Салыстыратын болсақ, бізде бала туу бойынша ең жоғары көрсеткіш тәуелсіздікке дейін, яғни 1989 жылы болды. Сол уақытта да 400 мың нәресте өмірге келген еді. Атап айтқанда, біз тарихи жоғары көрсеткішке қол жеткіземіз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, аталған өсім 2017 жылға дейін жалғасады. Бұдан кейін бала туудың жоғары деңгейі 2024 жылы байқалуы мүмкін.

"Яғни, осы кезде тәуелсіздік жылдары өмірге келген репродуктивті тұрғыда денсаулығы жарамды адамдардың жаңа ұрпағы келеді. Сондықтан да біз осы демографиялық серпіліске дайын болуымыз қажет. Осы орайда арнайы алаңдарды, спорт клубтарын салып, аула клубтарын құру керек", - деді ол.

Источник: ИА "Казинформ"